Елімізде коронавирусқа қарсы екпе алған жасөспірім саны 834 мыңға жетті

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе алған жасөспірім саны 834 мыңға жетті
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстанда жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға «Pfizer» вакцинасын егу жалғасуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сәйкес, 8 мамырға дейін «Pfizer» препаратының І дозасын – 1 097 219, ІІ дозасын 955 253 адам салдырды.

Оның ішінде І компонентін алғандар:

- жасөспірімдер – 834 457;

- жүкті әйелдер – 38 764;

- бала емізетін әйелдер – 137 790.

ІІ компонентін алғандар:

- жасөспірімдер – 768 683,

- жүкті әйелдер – 34 060,

- бала емізетін әйелдер – 123 877.

Айта кетейік, жалпы елімізде коронавирус індетіне қарсы толық вакциналанғандар саны – 9 255 431 адам. Бірінші дозаны 9 489 854 адам алды.