Алмат жеңістен кейін пікір білдірді

Алмат жеңістен кейін пікір білдірді
Сурет: Оlympic.kz

Жеңімпаз жанкүйерлеріне алғысын жеткізді

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, Осло бозкілемінде грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Алмат Кебіспаев қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Норвегияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты мәресіне жетті.

«Ослодағы әлем чемпионатының соңғы күнінде жүлдеге қол жеткіздік. Баршаңыздың қолдауларыңызға рахмет! Бұл - барлығымыздың бапкерлерімізбен, құрама мүшелерімен бірге жеткен жетістігімі. Өте қуаныштымын! Сіздерге осындай жүлде сыйлағаныма қуаныштымын!» - деді жүлдегер.

Сондай-ақ, Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Бұл грек-рим күресінен ұлттық құраманың аталған біріншіліктегі жалғыз жүлдесі болды.

Айта кетейік, Алмат Кебіспаев дүниежүзілік біріншілікте кезекті жүлдесін ұтып алып, әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері атанды. Ол осыған дейін өзі қатысқан әлем чемпионаттарынан бір күміс және үш қола медаль ұтып алған.