Қазақстанда шайдың бағасы қымбаттады

Қазақстанда шайдың бағасы қымбаттады
Сурет: Kk.traasgpu.com

Елімізде шай өндіру 21%-ға артып, бағасы 12%-ға өскен.

Осы жылдың мамыр айындағы көрсеткіш бойынша, елімізде шайдың бір келісінің орташа бағасы 3,6 мың теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның ірі қалаларының ішінде ең қымбат баға Қарағандыда: 4 мың теңге, еліміздің астанасында 3,9 мың теңге, Алматыда 3,8 мың теңге болса, ең төменгі баға Талдықорғанда 3,3 мың теңге. 

Биылғы жылдың басынан сәуір айына дейінгі мәлімет бойынша, былтырғымен салыстырғанда, еліміздегі шай мен кофе өңдеу өндірісі 20,5%-ға артқан.

 Өндіріс бойынша алдыңғы орынды 3,7 мың тонна көрсеткішпен Алматы бастап келеді, Шымкент 2 мың тонна, ал үштікті түйіндеген Қарағандыда 453 тонна шай өндірген.

 Сәуір айының қорытындысы бойынша, елімізде шай бағасының орташа жылдық өсімі 12,4%-ға артқан. Ал Батыс Қазақстандағы баға 25,3%-ға артса, Павлодарда 21,4%-ға, Шымкентте 19,3%-ға қымбаттаған.