Алматы дәрігерлері шаһардағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

Алматы дәрігерлері шаһардағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты
Сурет: 24.kz

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр.

Алматы дәрігерлері қаладағы КВИ ауруының төмендеуіне кешенді шаралар әсер еткенін айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап матрицаның сары аймағына көшуіне қарамастан, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Критерийлерге сәйкес, қызылдан сары аймаққа ауысқан кезде қолданыстағы шектеу шаралары 7 күн өткеннен кейін күшіне енетін белгілі бір жеңілдіктермен сақталады (Мемлекеттік Бас санитариялық дәрігердің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысы).

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, сары аймақтың критерийлері R саны (жұқтыру көрсеткіші) < немесе = 1.0 және 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші < немесе = 100 болып табылады.

Ресми дерек бойынша,ағымдағы жылдың 7 маусымында Алматы қаласында R көрсеткіші=0,7 санында 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші 64,7, яғни 100-ден төмен.

КВИ аурушаңдығы Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №15 және 16 қаулыларына (бұқаралық іс-шараларға тыйым салу, базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысына, жазғы алаңдарды қоспағанда, демалыс күндері әлеуметтік байланыстарды төмендету мақсатында қоғамдық тамақтануға тыйым салу) сәйкес кешенді жүргізілген шектеу шаралары нәтижесінде, сондай-ақ халықты вакцинациялаудың нәтижесі ретінде төмендеді.