Қазақстан Президенті Ауғанстандағы жағдай бойынша жиын өткізді

Қазақстан Президенті Ауғанстандағы жағдай бойынша жиын өткізді
сурет: Akorda.kz

Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді. Бұл туралы ҚР Президенті твиттер парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда», - деп жазды Президент.