Қазақ файтері UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізбек

Қазақ файтері UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізбек
Сурет: Рrosports.kz

Октагонда Сайранға сәттілік жолдас болсын!!!

Қытайда тұратын қазақ файтері Сайран Нұрданбекұлы UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек UFC Fight Night 198 турнирі аясында өтеді. Қарсыласы - америкалық Шон Сориано. 

Аталған турнир 20 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Қос файтер жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, Сайран америкалық промоушен туы астындағы алғашқы кездесуін 23 мамырда Лас-Вегаста өткізді.

Қандасымыз UFC Fight Nights 188 турнирінде аустралиялық Джошуа Кулибаодан төрешілер шешімімен жеңілген болатын.