Қазақстан футзалдан ФИФА рейтингінде көтерілді

Қазақстан футзалдан ФИФА рейтингінде көтерілді
Сурет: Рrosports.kz

Біздің спортшылар ФИФА рейтингін бағындырады

2021 жылғы әлем чемпионатындағы өнерінен кейін футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Мундиальдан кейін командамыз бір сатыға жоғарылады, қазір әлемде алтыншы орында тұр. Қазақстан мен Иран құрамалары орын алмастырды, ал бізден жоғары сатыда Ресей тұр.

Қазақстан Иранды әлем чемпионатының ширек финалында жеңгеннен кейін олардан 21 ұпайға озып кетті. Ширек финалда жеңілген Ресейден 76 ұпайға қалып тұр.  

Үздік 5 құрамада да өзгерістер болды. Бразилия Испанияны артта қалдырып, көш басына шықты. Жаңа әлем чемпионы Португалия Ресейдің алдына шығып, төртінші орынға көтерілді. 

Футзалдан ФИФА рейтингі:

1 (+1). Бразилия – 1794 ұпай.

2 (-1). Испания – 1779.

3 (–). Аргентина – 1741.

4 (+1). Португалия – 1693.

5 (-1). Ресей – 1677.

6 (+1). Қазақстан – 1601.

7 (-1). Иран – 1580.

12 (+1). Әзербайжан.

13 (-1). Украина.

22 (-3). Беларусь.

27 (–). Өзбекстан.

29 (+5). Грузия.

43 (-2). Қырғызстан.

54 (+7). Тәжікстан.

55 (+3). Латвия.

57 (-1). Молдова.

70 (-3). Түркменістан.

74 (-6). Армения.

82 (+5). Литва.

113 (-7). Эстония.