Қазақстандық вакцина өндірушілер мемлекеттік сыйлық ала ма?

Қазақстандық вакцина өндірушілер мемлекеттік сыйлық ала ма?
Сурет: Anadolu Agency

Сыйақы мөлшерінің жалпы сомасы – 37 миллион 200 мың теңге.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Білім және ғылым министрлігі жоба дайындауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

«Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» жобасының тізіміне отандық QazVac вакцинасын жасауға атсалысқан 7 профессор мен медицина ғылымдарының докторлары енді.

Одан бөлек, жаңа «Розеофунгин-АС» атты отандық препарат әзірлеген 6 қызметкер де марапатталмақ. Сыйақы мөлшерінің жалпы сомасы – 37 миллион 200 мың теңге. Бірақ екі ұжым оны 18 миллион 600 мың теңгеден бөліп алады.