Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda.kz

Кентуккиде жойқын дауылдың салдарынан бірнеше адам қаза болған.

Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.     

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз», – делінген Президенттің жеделхатында.