Қарағанды фармацевтика зауыты еліміздің екі қаласына вакцина жөнелтті

Қарағанды фармацевтика зауыты еліміздің екі қаласына вакцина жөнелтті
Сурет: Ria.ru

Вакцина ҚФК қоймасынан тиелді, онда сапа және тиімділік сертификатын алғанға дейін – 35 С температурада сақталды, СҚ-Фармация рефрижераторларына қайта тиеу «суық тізбек» талаптары қатаң сақтала отырып жүргізілді.

Бұл туралы ақпарат таратқан Қарағанды фармацевтикалық кешенінің мәліметіне сәйкес,  Қазақстанның екі ірі қаласына ҚФК алаңдарында өндірілген және Гамалея ҒЗО әзірлеушісі қолдануға мақұлдаған коронавирустық инфекциясының алдын алу үшін құрамдастырылған Гам-КОВИД-Вак векторлық вакцинасының жаңа партияларын жіберді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Нұр-Сұлтан қаласындағы СҚ-Фармация қоймасына «Спутник V» препаратының I компонентінің 12 488 құтысы немесе 62 440 доза тиелді. Ақтөбеге вакцинаның I компонентінің 17 055 құтысы немесе 85 275 дозасы жіберілді», -делінген ҚФК-нің ақпаратында.  

Сондай - ақ, «Спутник» II компонентінің 11 447 құтысы - 57 285 доза жөнелтілді.