Қаныш Сәтпаев көшесінің кей тұстары бір аптаға жабылады

Қаныш Сәтпаев көшесінің кей тұстары  бір аптаға жабылады
Сурет: Еgemen.kz

Уақытша шектеу жол жөндеу жұмыстарына байланысты бекітілген.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, қаладағы Қаныш Сәтпаев көшесі бір аптаға ішінара жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталмыш басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрап, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

«Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 24 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында түнгі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін Қ.Сәтпаев, Егізбаев, Манас көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады», - делінген басқарма таратқан хабарламада.