Құлагердің тұяғы өмірден өтті

Құлагердің тұяғы өмірден өтті
Сурет: Stan.kz

Бұл туралы жас қаламгер Елдос Тоқтарбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров 91 жастан асқан шағында өмірден озды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz 

«Елден қаралы хабар жетті. Асылдың сынығы өмірден өтті.
Бүгін аяулы Ілияс Жансүгірұлы әкеміздің ұлы Саят ата 91 жастан асқан шағында өмірден озды. Алла марқұмды панасына алсын! Жақындары мен ұрпақтарына қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазды Елдос Тоқтарбай.

Саят Жансүгіров 1930 жылы 21 ақпанда Алматыда туған.