Қапшағайда триатлоннан Қазақстан чемпионаты басталады

Қапшағайда триатлоннан Қазақстан чемпионаты басталады
Сурет: Olympic.kz

Ертең Elite санатындағы спортшылар бақ сынайды.

11-12 қыркүйек күндері Қапшағай су қоймасында триатлоннан бірнеше спорттық бәсеке өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Olympic.kz мәліметі бойынша, элиталық атлеттер арасында Қазақстан ашық кубогінің екінші кезеңі өтеді. Сондай-ақ, «суперспринттен» 15, 17 және 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында еліміздің ашық чемпионаты ұйымдастырылады. 

Elite санатындағы спортшылар 1500 метрге жүзуден, 40 шақырымдық веложарыстан және 10 шақырымға жүгіруден жарысады.