АҚШ міндетті иммундау режимін енгізді

АҚШ міндетті иммундау режимін енгізді
Сурет: Kz.otyrar.kz

Енді 100 адамы бар кез келген жұмыс беруші әр маманнан екпе қабылдауды талап етеді.

АҚШ Президенті Джо Байден федералдық қызметте жұмыс істейтін барлық қызметкерге вакцина салдыруды міндеттеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жаңа заңның орындалуын елдің Еңбек министрі қатаң бақылауға алады. Ал екпеден бас тартқандар жұмыстан шығарылады. Биліктің бұл шешіміне аймақта "дельта" штамының кең тарауы себеп болды. Байденның жоспары бойынша, жақын арада шамамен 100 млн-ға жуық адам вакцина салдыруы тиіс. Бүгінде АҚШ тұрғындарының тек 53 проценті ғана коронавирусқа қарсы екпе қабылдап үлгерген. 

Ақ үй басшысы ересектерді ғана емес, 12 жастан асқан жасөспірімдерді де вакцина қабылдауға шақырады.