Қанат Таймерденов өмірден өткен әріптестерінің отбасын құттықтап барды

Қанат Таймерденов өмірден өткен әріптестерінің отбасын құттықтап барды
Сурет: Polisia.kz

Қалалық полиция департаментінің бастығы қайтыс болған әріптестерінің отбасына барып, Қазақстан полициясы күнімен құттықтап қайтты.

Алматы полициясының басшысы қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына барды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Әріптестеріммен бірге 2011 жылдың қаңтарында қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан Ришад Әбішевтің, сондай-ақ 2006 жылдың күзінде қылмыстың жолын кесу кезінде пышақ жарақатын алған Еділ Қасымовтың жұбайлары мен балаларын мерекемен құттықтадық. Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдарында 32 алматылық полицей қызметтік міндеттерін орындау барысында, қылмысқа қарсы күресте қайтыс болды. Біздің қасиетті борышымыз – оларды есте сақтау және құрметтеу, ерліктерін мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу және отбасыларын барлық жағынан қолдау», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Бас полицей сондай-ақ, лейтенант Әбішевтің әйелі Айжанның күйеуі қайтыс болғаннан кейін оның жұмысын жалғастыруға бел буып, қазақстандық полиция қатарына қосылғанын еске салды. Бүгінде екі қыздың анасы Алатау ауданының полиция басқармасында жемісті қызмет етуде. Ол – полиция майоры.