Алматының Бас санитар дәрігері мегаполистің қайтадан «сары» аймаққа өту себебін түсіндірді 

Алматының Бас санитар дәрігері мегаполистің қайтадан «сары» аймаққа өту себебін түсіндірді 
almaty-akshamy.kz

23 маусым күні Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин шұғыл брифинг өткізді. Ол мегаполис эпидемиологтары жаңа мутацияларды анықтау үшін Алматы аумағында айналымда жүрген коронавирус штамдарына генетикалық зерттеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.


Алматының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада айналымдағы 90%-ға жуық мутацияланған штамдардың таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін айтты.

«12-19 маусым аралығында мутацияланған штамдардың айналымын анықтау мақсатында ПТР-диагностикасын жүргіздік. 53 зерттеудің ішінен британдық штамм 44-те (83%), оңтүстікафрикалық штамм екі жағдайда (4%) және біреуінде Нью-йорк (1,8%) штамы анықталды. Қалған 11%-да COVID-19 вирусының мутациясы анықталмады», – деді Ж. Бекшин.

Санитарлық-эпидемиологиялық ведомство басшысының айтуынша, 16 маусымнан бастап жұқтыру көрсеткіші 0,7-ден 0,96-ға дейін өскен.

«Бұл демалыс орындарына бару мен тұрғындардың бетперде режимін сақтау бойынша эпидемияға қарсы шараларды елемеуі салдарынан болды», – деді Ж. Бекшин.

Сондай-ақ COVID-19 ауруының өсуінің негізгі себебі инфекцияның тез таралуына ықпал ететін мутацияланған штамдардың болуына байланысты.

Сондықтан 22 маусымда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы тағы да «сары» аймаққа өтті. Жұқтыру көрсеткіші жоғары.

Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда шектеу шараларын бақылау 5 күн ішінде жүргізілетінін түсіндірді («жасыл» аймақтан «сарыға» немесе «сары» аймақтан «қызылға» көшу). Сондықтан Алматыда «жасыл» аймақ режимі тағы 5 күн, яғни 27 маусымға дейін сақталады.