Қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеудің жаңа тәсілдерін ақпараттық оқыту онлайн-семинары өтеді

Қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеудің жаңа тәсілдерін ақпараттық оқыту онлайн-семинары өтеді
Сурет:Gov.kz.

Қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеудің жаңа тәсілдерін ақпараттық оқыту онлайн-семинары өтеді

 «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Марат Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша ҚР жаңа Экологиялық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру мақсатында 2021 жылдың шілде айында Green Webinar платформасында «ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясын қабылдау аясында қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеудің жаңа тәсілдері» атты ақпараттық-оқыту онлайн-семинарын өткізеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратына сілтеме жасап.

Онлайн-семинарға қатысушылар мыналармен танысады:

Жаңа Кодекстің артықшылықтары;

ҚР қалдықтарды басқару жүйесі. ҚР қалдықтарды басқару жүйесін қалыптастырудағы ӨКМ рөлі;

Жинақтау, тасымалдау және қайта өңдеу жаңа бизнес моделінің тетігі;

Қалдықтарды кәдеге жарату;

Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу және қалдықтар саласындағы лицензиялау.

Спикер ретінде ӨКМ операторы мен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сарапшылары сөз сөйлейді, модератор – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ жанындағы ғылыми-технологиялық даму офисінің және ҒТК басшысы Гүлбазар Медиева.

Қатысушылар «жасыл» экономика, экология, «жасыл» инновациялық технологиялар, ОҚТ саласындағы ақпаратты түсіндіру бойынша «Green Webinar» «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ іске асырылып жатқан бағдарламасы шеңберінде оқыту онлайн-семинарынан өткені туралы сертификаттарға ие болады. Аталған семинарға қатысу тыңдаушылардың кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттырады.

Байланыс үшін: E-mail l.abizhanova@igtipc.orggreenwebinar@igtipc.org

Тел: 8 (702) 1191200; 8 (7172) 793234