ҚР Мәдениет және спорт министрі Надежда Дубовицкаяны қабылдады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Надежда Дубовицкаяны қабылдады
Сурет: Gov.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Надежда Дубовицкаяны қабылдады

 

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жеңіл атлет Надежда Дубовицкаяны қабылдап, Алматыда өткен ел чемпионатында Азия рекордын жаңартуымен құттықтады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтындағы хабарға сілтеме жасап.

Спортшы 6-9 маусым аралығында Алматыдағы Орталық стадионда өткен жеңіл атлетикадан 241 спортшы бақ сынаған Қазақстан чемпионатында 2 метр биіктікке секірген еді. Бұған дейінгі сары құрлықтың үздік нәтижесін (1,99 м) тағы бір отандасымыз Марина Аитова 2009 жылы тіркеген еді.

Айта кетейік, Надежданың осыған дейінгі үздік нәтижесі былтыр Стамбулда өткен IstanbulI ndoor Athletics Cup халықаралық турнирінде тіркелген. Қазақстан құрамасының спортшысы 1,9 метрмен топ жарған еді. Бұдан бөлек, ол 2019 жылы Дохада өткен Азия чемпионатының күміс, 2018 жылы Тегеранда жабық ғимаратта өткен Азия чемпионатының қола, 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарының қола жүлдегері. 23 жастағы атлеттің бас бапкері – Иван және Елена Хижняковтар.