Қалада үй карантинін бұзған 104 алматылық айыппұл төледі

Қалада үй карантинін бұзған 104 алматылық айыппұл төледі
Сурет: Avtoradio.kz

Коронавирустың таралуына жол бермеу

Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 104 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 104 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.