Ғалымдар Алматыда асфальттің жаңа түрін сынап көрді

Ғалымдар Алматыда асфальттің жаңа түрін сынап көрді
Cурет: Inform.kz

Зерттеу нәтижесі бойынша көміртекті наноұнтақ қоспасы енгізілген.

Алматыда асфальтбетонды жабынның жоғарғы қабатына көміртекті наноұнтақ қосылған тәжірибелік алаң салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Алматы қаласында Төле би көшесінің бойында (Өтеген батыр мен Саин көшелерінің аралығы) ҚазжолҒЗИ мамандары асфальтбетонды жабынның жоғарғы қабатына көміртекті наноұнтақ қосылған тәжірибелік алаң (ұзындығы - шамамен 100 м) салды.

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ мәліметінше, бұл жұмыс «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен жасалған «Нормативтік -техникалық базаны жетілдіру бөлігінде жол қызметін басқару бойынша жұмыстар» келісімі аясында жүргізіліп жатыр.

«Негізгі мақсат - тәжірибелік-экспериментті зерттеу нәтижесі бойынша көміртекті наноұнтақ қоспасын енгізу арқылы жол битумы мен асфальтбетонның техникалық сипаттамаларын жақсарту»,- делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, көміртекті наноұнтақ қосылған битум мен асфальтбетон өндірісі «Асфальтбетон-1» ЖШС базасында жасалған.