Зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салынуы тиіс - Айман Омарова

Зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салынуы тиіс - Айман Омарова
Сурет: интернеттен

Бүгін Ұлттық құрылтай отырысында белгілі адвокат Айман Омарова бұқаралық ақпарат құралдарында зорлық-зомбылықтың насихатталуы қандай зиян келтіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық бойынша көптеген резонсты істерде БАҚ өкілдері бізден бұрын қимылдайтыны белгілі. Ал бұл ақпараттар көп жағдайда жәбірленушілердің психологиялық күйзелуіне алып келеді. Тіпті, кейбіреулері ар-намысты алға тартып, өз-өзіне қол жұмсауға барады. Осыған байланысты мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салып, ондай өрескел мазмұндағы оқиғаларды көрсетпеуді сұраймын», - деді А. Омарова.

Оның пайымдауынша, халықтың пайдасына қабылданатын заңдарды насихаттау керек.

«Көрермендердің құқықтық сауатын арттыруымыз қажет. Сондықтан осындай ақпаратты көбейту керек», - деді адвокат.