Зиянды тағамдарға салық салу ұсынысы енгізілді

Зиянды тағамдарға салық салу ұсынысы енгізілді
Сурет: Massaget.kz

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов  зиянды тамақ өнімдеріне салық енгізуді ұсынылды. 

Мәжілісмен елімізде жидектер мен саңырауқұлақтарды жинауға салық салу бастамасын сынға алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Елде барлық маңызды істер мен міндеттер орындалып, тек саңырауқұлақтар мен жидектер мәселесі қалғандай. Жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау әрдайым маусымдық іс болып табылады және мұнымен ата-әжелер, олармен бірге немерелері, яғни әдетте 6-дан 60 жасқа дейінгілер айналысады. Солардан салық жинамақсыздар ма? Содан кейін оларға жидекті заңсыз жинағаны үшін айыппұл саласыздар ма? Бұл фактілер жидектер мен саңырауқұлақтарға салынатын салықтың ақылға сыйымсыздығын көрсетеді, оның үстіне аталар мен әжелерден бюджетке көп қаржы түсе қоймайды», - деді ол.

Сонымен қатар, депутат әлемде зиянды азық-түлікке салық салу тәжірибесі кең таралғанын атап өтті. Соңғы он жыл ішінде, оның айтуынша, мұндай салықтар Дания, Эквадор, Египет, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және басқа мемлекеттерде енгізілген.

«Көптеген зерттеулер көрсеткендей, «қоғамдық денсаулықты қолдау салығы»өз мақсатына жетті. Салықтың осы түрі енгізілген елдерде азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен сатушылардың 70%-ы зиянды және қосымша салық салынатын компоненттерді азайтты. Біздің ойымызша, Үкімет жидектер сияқты пайдалы тағамдарға емес, зиянды тағамдарға салықты көтеруі керек. Сондықтан біз зиянды өнімдерге салықты қолдану мәселесін қарастыруды ұсынамыз, ал табысы төмен отбасыларға пайдалы өнімдерді сатып алатын ваучерлер беруді ұсынамыз», – деді Магеррамов.

2024 жылдан бастап Қазақстанда кез келген аумақта саңырауқұлақтар мен жидектерді жинауға салық енгізіледі.