Жәнібектің жекпе-жегі шегерілді

Жәнібектің жекпе-жегі шегерілді
Сурет: Вaq.kz

Бірақ қарашада өтеді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) командасы WBA Regular тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Н'Дам Н'Жикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жек кейінге қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

«Кеше белгілі болды. Top Rank ресми енді жариялайтын шығар. Бірақ біз жанкүйерлерімізге оларды күтпей жаңалықты ертерек хабарлауды жөн деп шештік. Жекпе-жек уақыты кейінге яғни 5 қарашадан 20 қарашаға ауысады деген хабар келді. Қарсыластың виза мәселесі реттелмеген көрінеді. Бұйыртса Кроуфорд пен Портер андеркартында жұдырықтасамыз! Әр істе біз ойламаған жақсылық бар. Бұйыртса үлкен шоуда, әлем назар салатын бокс кешінде өнер көрсетеміз! Жүздескенше», – деп жазады боксшысының Instagram командасы.