Жәнібек Әлімханұлының ертеңгі жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Жәнібек Әлімханұлының ертеңгі жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Cурет: Ашық дереккөз

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған

Ертең, яғни 21 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) мен франциялық Хассан Ндам Нжикам (38-5, 21 КО) титулдық жекпе-жегі өтеді. Боксшылардың кездесуі таңғы 08:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Әлімханұлы-Нжикам жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 08:00-де басталады. Оны тікелей эфирде «Qazsport»  телеарнасы көрсетеді.

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Боксшылар орта салмақтағы WBO Global чемпионы атағын сарапқа салады.

Жәнібек Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізгенін еске сала кетейік. Ол кезде ол орта салмақта әлем чемпионы болған америкалық боксшы Роб Брантты (26-3, 18 КО) 8-ші раунда нокаутқа жіберген еді. Ал Хассан Ндам Нжикам шілде айында бокстасып, венгриялық Габор Горбичті (26-22-2, 16 КО) ұпай бойынша жеңді.