Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңда қазақ стилінде жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңда қазақ стилінде жұдырықтасады
Сурет: Turkystan.kz

Жас боксшы Жәнібек әлемдегі ең мықты стильде бокстасады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KO) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) болатын жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Хабар 24 cайтындағы ақпартқа сүйенсек, бұл жекпе-жек Top Rank промоутерлік компаниясы 5 қараша Лас-Вегаста ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді. 

Қазақ боксшысы твиттердегі парақшасында алдағы жекпе-жекте өзінің ерекше бокстасу тәсілін тілге тиек етіпті.

«Мен өзгелерден ерекпін және мұны бәрі біледі. Менің стилім басқа. Қазақ стилі – әлемдегі ең мықты стиль. Мұны 5 қарашада көрсетемін», - деп жазыпты Жәнібек әлеуметтік желідегі жазбасында.