Киноорталықта отандық анимацияны дамытуға қатысты конференция болды

Киноорталықта отандық анимацияны дамытуға қатысты конференция болды
Сурет: Dala-animation.com

Отандық анимация даму үстінде

Еліміздегі анимациялық студиялардың продюсерлері Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған Zoom-конференцияға қатысты. ҰКҚМО басқарма төрағасының кеңесшісі Адай Әбелдинов онлайн кездесудің модераторы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Кazakhcinema.kz-ке сілтеме жасап.

Аниматорлар бірінші кезекте 7-10 қазан аралығында Мәскеуде өтетін ComicConRussia фестивалінің жұмысына қатысты мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, ComicCon – киножобалар, сериалдар, комикстер, аниме мен бейнеойындарға арналған танымал форум.  

«Біз алдағы өткізілетін фестивальге бірлескен аниматорлар командасы ретінде қатысу туралы келісімге қол жеткіздік», - деді А.Әбелдинов.