Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингі жарияланды

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингі жарияланды
Сурет: 24.kz

Әлем чемпионы титулы Геннадий Головкинге тиесілі


Қазақcтандық боксшылардың IBF рейтингіндегі орны анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Egemen.kz басылымының мәліметтеріне сәйкес, қазақстандық боксшылардың позициялары келесідей:

Екінші орта салмақ бойынша Айдос Ербосынұлы төртінші орында қалды, ол ресейлік Евгений Шведенкодан бір жол төмен орналасқан.

Рейтингінің алғашқы екі позициясы бос.

IBF әлем чемпионы – АҚШ боксшысы Калеб Плант.

Орта салмақтағы қазақстандықтардың рейтингі өзгермеді:

Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы, Мейірім Нұрсұлтанов оныншы, ал Қанат Ислам 13-орында қалды.

Әлем чемпионы титулы Геннадий Головкинге тиесілі, мұнда да алдыңғы екі позиция бос, ал үшінші орында – Патрик Войцицки.

Жартылай орта салмақта Данияр Елеусінов бұрынғыша 14-орында қалды.

Үздік үштік келесідей:

Кудратилло Абдукахоров (Өзбекстан), Шон Портер мен Джарон Эннис (екеуі де – АҚШ). Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев та өзінің позициясын өзгертпеді – бұрынғыша 13-орында тұр.

Рейтингте аргентиналық Йеремиас Понсе көш бастаған. Одан кейін пуэрто-риколық боксшы Сабриэль Матиас пен аустралиялық Лиам Паро орналасқан. Осы салмақтағы IBF әлем чемпионы белдігін британдық Джош Тэйлор иеленген.