Жәнібек: Біз әлі әлемді шулатамыз!

Жәнібек: Біз әлі әлемді шулатамыз!
Сурет: Shymkenttv.kz

Біздің батыр пікір білдірді

Кәсіпқой рингте қарсылас шақ келтірмей жүрген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы француз Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Аллаға шүкір, кезекті жеңіске қол жеткіздік! Бұл тек менің емес, бұл Қазақ елінің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі QAZAQ STYLE жанкүйерлерінің жеңісі! Біз тарих жасаймыз. Біз әлі әлемді шулатамыз, бұйыртса! Қолдауларыңызға рақмет!» - деп жазды Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, Әлімханұлы француз Нжикамды сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO Global тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион атағын иеленді.