Қазақстандық спортшы триатлоннан Африка кубогінде жүлделі орын алды

Қазақстандық спортшы триатлоннан Африка кубогінде жүлделі орын алды
Сурет: Olympic.kz

Екатерина Шабалина Африка кубогінде қола медаль жеңіп алды

Демалыс күндері Марокконың Дахла қаласында өткен триатлоннан Африка кубогінде қазақстандық Екатерина Шабалина қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Шабалинаның қорытындысы көрсеткіші - 01:01:34. Алтын және күміс жүлдені жапондықтар Минори Икено мен Чисато Накаджима иеленді. 

Жарысқа 15 мемлекеттен 37 триатлет қатысты.