Алматыдағы «Жұлдыз» ықшамауданында ыстық су тоқтатылады

Алматыдағы «Жұлдыз» ықшамауданында ыстық су тоқтатылады
Сурет: Total.kz

Бұл шектеу қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Осы жайында Алматы жылу жүйесі ЖШС хабар таратты. Ыстық судың берілмеуі уақытша жағдай, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«2021 жылғы 7-16 шілде аралығында Түрксіб ауданының «2-Жұлдыз» ықшамауданында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су берілмейді. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.