Журналистердің пікірі ескеріледі

Журналистердің пікірі ескеріледі
Сурет: Sputnik.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі барлық БАҚ-ты заңды талқылауға шақырды.

Министрдің айтуынша, заңға енгізілетін өзгерістер кеңінен талқыланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мемлекет басшысы атап өткендей, ашық ақпарат кеңістігі мен бәсекеге қабілетті отандық бұқаралық ақпарат құралдарын құруға ерекше назар аудару қажет. Бүгінде министрліктің алдында ақпарат құралдарының рөлін, мәртебесін және жауапкершілігін нығайту бойынша бірқатар міндет тұр. Осыған байланысты, біріншіден, қоғам сұраныстары мен мемлекеттің мүдделерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң қайта қаралатын болады», - деді Асқар Омаров үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, заңға енгізілетін өзгерістер кеңінен талқыланады. Журналистердің пікірі ескеріледі. Ал заңды өзгерткеннен кейін нақты нәтижелер болуы керек.

«Азаматтық бақылауды жүзеге асыратын төртінші билік ретінде әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық бәсекелестік орта дамитын болады. Мемлекеттік ақпараттық жұмыс бойынша жаңа тәсілдер әзірленеді», - деп атап көрсетті Омаров.