Биыл екі мың қазақстандық бала ұшаққа тегін міне алады

Биыл екі мың қазақстандық бала ұшаққа тегін міне алады
Сурет: Вiletik.aero

Былтыр Kids Go бағдарламасымен 1500 бала тегін ұшқан.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 2023 жылы тегін әуе қатынасын 2 мың бала пайдалана алатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Биыл 2000 баланы тегін рейспен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейміз. Бұл отбасы болып демалуға, қыдыруға көбірек мүмкіндік береді», - деді Асхат Оралов.

Бұған дейін Асхат Оралов қазақстандықтар үшін ел ішінде туристік кэшбэк енгізуді ұсынған еді. Мұндай жүйе қазақстандықтарға демалыс маусымында тур құнын 20%-ға дейін қайтаруға мүмкіндік береді.