Алматы облысында адам өлтірмек болған шетелдік азамат ұсталды

Алматы облысында адам өлтірмек болған шетелдік азамат ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Адам өлтіруге оқталған шетелдік ұсталды

2 желтоқсанда сағат 10 шамасында Жамбыл АПБ кезекші бөліміне Қаншеңгелді ауылынан 70 шақырым жерде орналасқан жайылымнан кеудесінен оқпен жараланған Ұзынағаш ауылының 42 жастағы тұрғыны ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады Almaty-akhsamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған факт ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі; 99-бөлігі 1-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы ақпаратты растады. Бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде полиция қызметкерлері шамамен бір ай бұрын жұмысқа келген Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын анықтап, ұстады. Күдіктіден оның жұмыс берушісіне тиесілі 16 калибрлі екі ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

«Іс материалдары бойынша, шопандар арасында аумақтық шағымдарға байланысты жанжал орын алған. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу судьясы күдіктіге екі айлық қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Жамбыл облыстық ПБ бастығының орынбасары Айдын Жексенбаев.