Қазақстанның әскери саперлері кәсіби шеберліктерін жетілдіріп жатыр

Қазақстанның әскери саперлері кәсіби шеберліктерін жетілдіріп жатыр
Сурет: Gov.kz

Арнайы техника мен роботтарды қолдануды да үйренеді.

Қазақстадық саперлер кәсіби шеберліктерін жетілдіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.

Қазақстан Қарулы Күштерінде инженерлік-саперлік сала мамандарының жиыны өтіп жатыр.

«Аталған шаралар «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын және Мемлекет басшысының оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталып отыр», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жиын барысында саперлер тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен пайдалануға жарамсыз деп танылған оқ-дәрілерді жою іс-қимылының бірыңғай алгоритмін пысықтайтын болады.

Сондай-ақ, мамандар арнайы техника мен роботтарды қолдануды да үйренеді.

Жарылыс қаупі бар заттардан аумақты тазарту кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады.