Заңсыз әрекеттері үшін 18 адам ұсталды

Заңсыз әрекеттері үшін 18 адам ұсталды
Сурет: Ашық дереккөз

Жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтірілген

2022 жылғы қыркүйектен бастап ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды.

Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115 “Қауіп”, 147 “Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату”, 158 “Журналистік қызметке кедергі жасау”, 202 “Бөтеннің мүлкін қасақана жою”, 293 “Бұзақылық” баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды.

Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды. Дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті жедел тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.