Жолаушылар ұшағы елорда әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды

Жолаушылар ұшағы елорда әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды
Cурет: Baq.kz

Бүгін таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша Эйр Астана әуе компаниясының А 321 әуе кемесі герметикалықты жоғалтудың техникалық себебіне байланысты ұшу әуежайы Нұр-Cұлтан қаласына қайта оралды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе кемесі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонды. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. 

Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетін болады.