Филиппинде жанартау оянды

Филиппинде жанартау оянды
Cурет: Inform.kz

Халықты эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр

Филиппинде Таал жанартауы оянды. Оның өзегінен атқылаған күл үйінділері 1,5 шақырым биіктікке дейін көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Филиппиндік БАҚ-тардың хабарлауынша, елде қауіптіліктің үшінші (бестен) деңгейі жарияланған.

Таалға жақын орналасқан елді мекендерден халықты эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.