Коронавирус жұқтырған тхэквондист Олимпиададан шеттетілді

Коронавирус жұқтырған тхэквондист  Олимпиададан шеттетілді
Сурет: Sportrbc.ru

Індет спортшының жолын бөгеді.

Жапония астанасы Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысушылар арасында чилилік тхэквондист Фернанда Агирреден коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Чили Олимпиада комитетінің твиттер-аккаунтында жарияланды. 

21 жастағы спортшы қыз екі рет тест тапсырған. Екі тесттен де Агирренің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бірақ тхэквондошы қыздан вирустың ешқандай белгілері болмаған. Ол 10 күндік карантинге жіберілді. Енді Фернанда Токиодағы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. 

Сондай-ақ, жалпы 1 шілдеден бастан 75 адамнан коронавирус анықталды. Олардың ішінде спортшылар, ресми өкілдер және делегация мүшелері бар.