Жол жұмысшыларының жалақысы өсті

Жол жұмысшыларының жалақысы өсті
Сурет: Astana-akshamy.kz

2023 жылдың басынан бері жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға көтерілді.

Еңбекақысы артқан қызметкерлердің қатарына республикалық маңыздағы тасжолдар желісін тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын негізгі өндірістік персонал қызметкерлері мен қосалқы өндіріс қызметкерлері жатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Естеріңізге сала кетейік, қыс мезгілінің басынан бері жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Жол жұмысшылары күндіз-түні қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, жолда қиын жағдайға тап болған республикалық трассаларды пайдаланушыларға көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жүр», - делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК хабарламасында.

Айта кетейік, қаңтар айында республикалық маңыздағы автожолдардың 17 мың шаршы метрі көктайғаққа қарсы құм мен тұз қоспасымен өңделді.