Жылу үшін қосымша ақы төлене ме?

Жылу үшін қосымша ақы төлене ме?
almaty-akshamy.kz

Көпқабатты үйлердің тұрғындары көбіне балкондарын шынылап тастай­ды ғой. Жақында балконы жабық үй иелері де жылу үшін қосымша ақы төлейді деген сыбыс шықты. Бұл заң­ды ма?

ӘСИЯ, зейнеткер.

ҚР Энергетика министрлігінің «Электр қуатын пайдалану ережелерін және жылу қуатын пайдалану ережелерін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 ақпандағы №3455 бұйрығы­ның 12-бөліміндегі 56-тармағына сәйкес, жылу қуатын пайдаланғаны үшін төленетін ақы реттейтін орган тарапынан тариф бойын­ша белгіленеді. Төлемақы тек жылу берілетін бөлмелер үшін алынады. Егер жабық балкон­ға жылу құбыры тартылған болса, онда пәтер иесі белгіленген тәртіппен ақы төлейді.