Жыл басынан бері 493,1 мың көп балалы отбасы жәрдемақы алды

Жыл басынан бері 493,1 мың көп балалы отбасы жәрдемақы алды
inform.kz

Биыл әр балаға 12 252 теңгеден жәрдемақы төленеді.

Жыл басынан бері орта есеппен 493,1 мың көп балалы отбасы 82,2 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен қамтылды, оның ішінде наурыз айында 499,3 мың отбасы жалпы сомасы 27,8 млрд. теңге жәрдемақы алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға беріледі. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және биыл әр балаға - 12 252 теңге.

«Көп балалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын»н - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнетақы мен жәрдемақыны инфляцияға сай индекстеу үшін қосымша 111 млрд. теңге бөлінетінін айтқан болатын.