Ресейліктер Қазақстаннан киіне бастады

Ресейліктер Қазақстаннан киіне бастады
phonoteka.org

Ресейдің Петербор қаласында жаңа киім сатып алатын дүкендер жабылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Нәтижесінде халықта секондхендтер мен белорусь трикотажынан басқа таңдау қалмаған. Енді олар Қазақстанға шопинг-сапарларға келуде.   24 ақпаннан бастап Ресейде дүкендер жабыла бастады, алғашқылардың бірі болып нарықтан испандық Mango бренді шықты. Zara, Massimo Dutti, Bershka, Oysho, Pull & Bear, Stradivarius, Uterqüe, Uniqlo дүкендеріне иелік ететін Inditex тобы дүкендердің жабылатынын хабарлады.

Алайда бұл брендтердің киімдерін көрші ел азаматтары Қазақстаннан сатып ала алады. Ресейде жұмысын тоқтатқан сауда белгілері ірі қалалардың – Нұр-Сұлтанның немесе Алматының сауда орталықтарында ұсынылған.