Жетісуда жол жабық

Жетісуда жол жабық
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Барлық көлікке шектеу қойылған.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1 облыста  республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазавтожол мекемесіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автожол (екпінді жел, шектеулі көрініс)

  1. «Үшарал-Достық» - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік түрлері үшін)

Республикалық маңызы бар автожолдарға 228 бірлік техника және 445 адам жұмылдырылды.