Еліміздің жеті өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Еліміздің жеті өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кей жерде тұман түсіп, тіпті қар жаууы ықтимал.

Синоптиктер 1 наурызда елдің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.