Жетісу облысында жаңбыр жауып аулаларды су басуы мүмкін

Жетісу облысында жаңбыр жауып аулаларды су басуы мүмкін
Almaty-akshamy.kz

Қазгидромет РМК-ның ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Жетісу облысында ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріліп, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, бұрқасын жел болады, тұман түседі.

Осыған байланысты, Жетісу облысының ТЖД баспасөз қызметі ескерту жариялады.

ТЖД ескертеді:

су айдындарында мұз қабаты жұқарып, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі ықтимал;

таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін;

елдімекендерде жауын-шашынның түсуі, қардың қарқынды еруіне байланысты аула аумақтарын су басуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға тағы мыналар ескертіледі:

үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізетін арнаны уақытылы тазарту;

балаларды су айдындарына бақылаусыз жібермеу, мұзда, тік және шайылған жағалауларда болу қаупі туралы ескерту;

қарлы тау беткейлеріне шықпау;

ауа-райының өзгеруін қадағау және "112" дауылды ескертуі хабарламасын алған кезде, елдімекендерден тыс жерлерге сапарламау ұсынылады.