Жетісу облысында су тасқынына дайындық жүріп жатыр

Жетісу облысында су тасқынына дайындық жүріп жатыр
gov.kz

Қазір жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны қаупі бар екі елді мекенде 1,2 шақырым су бұру арнасына жөндеу және 4,6 шақырым өзен арналарына механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге су тасқынына қарсы 92 шақырым арық желілері, 66 шақырым каналдар мен 1 728 су өткізгіш құбырлар қар мен мұздан тазартылды. Су басу қаупі бар елді мекендерден 17 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. 

Қазір су тасқынына қарсы 141 су сору мотопомпасы мен 264 техника дайын тұр.

Бұл бағыттағы жұмыс тоқтаусыз істеліп жатыр.