Үш күн ішінде 300-ден аса самокатшыға айыппұл салынды

Үш күн ішінде 300-ден аса  самокатшыға айыппұл салынды
сурет:mk-kz.kz

Жетісу облысында 300-ден аса мопед пен самокат жүргізушілеріне айыппұл салынды

Жетісу облысында 3 күн ішінде 300-ден аса мопед пен самокат жүргізушілерне айыппұл салынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 адам тыныштықты бұзған, 11 жүргізуші техникалық бақылаудан өтпеген, 53-і жол ережесін сақтамаған, сондай-ақ бірқатары бағдаршамның қызыл түсіне жүру сынды өзге де заң бұзушылықтарға жол берген.

Жетісу облысының автожолдарында полицейлер мотоцикл, скутер және мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстарын күшейтті. Тек соңғы үш күнде патрульдік полиция қызметкерлері 301 ереже бұзушыны жауапқа тартты.

«Қазіргі уақытта көліктің бұл түрін пайдалану біздің облыс тұрғындары арасында өте көп. Жол қозғалысы ережелері барлығына бірдей. Оларды сақтау скутер, электрскутері, мопед және мотоцикл жүргізушілері үшін де бірдей міндет. Әдетте, жол қауіпсіздігі талаптарын елемеудің салдары қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Осыған байланысты полиция өңірде жолда жүру ережесін бұзушылықтарды ескерту және алдын алуға бағытталған «Мотоцикл» профилактикалық іс-шарасын өткізуге бастамашы болды», – деді Жетісу облысы полиция департаменті Жол полициясы басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов.

Белгілі болғандай, құқық бұзушылардың көбі Талдықорған қаласында анықталды. Бағдаршам сигналына қарамай өту, маневр жасау, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, мас күйінде жүргізу, жол-көлік оқиғасын тудыру және мотошлемді кимеу сияқты бұзушылықтар жиі кездеседі.