Жетісу ауданының қараңғы көшелері жарықтандырылады

Жетісу ауданының қараңғы көшелері жарықтандырылады
Сурет: 24.kz

Жұмыстардың басталуы осы жылдың III тоқсанына жоспарланған.

Жарықтандыру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жаңа Алматы» жобасына сәйкес, ауданда 162 жартылай жарықтандырылмаған көшелерді жарықтандыру жоспарланған. Жұмыстардың басталуы осы жылдың III тоқсанына жоспарланған. Палладин-Павлодар-Сельская-Бурундай көшесіндегі электр желілерін жөндеу қажет. Мердігер анықталып, жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. "Кемел" шағынауданынында электрмен жабдықтау желілерін қайта құру аяқталды. Кейін шағынаудандағы әрбір жеке үй қалалық желілерге қосылады», - деді аудан халқымен кездесуге келген қала әкімі Е.Досаев.