Жетісу ауданында қазан айында тегін үйірмелер басталады

Жетісу ауданында қазан айында тегін үйірмелер басталады
Сурет: Tengrinews.kz

Бұл кешендерге күн сайын 700-ге жуық бала бара алады.

Бүгін аудан халқымен кездескен қала басшысының айтуынша, "Кемел", "Айнабұлақ" және "Құлагер" шағынаудандарында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оқушы орындарының тапшылығын азайту  мақсатында (1,6 мың орын) Жетісу ауданындағы төрт мектепке қосымша құрылыс салу, сондай-ақ екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда №148 және №112 мектептердің әрқайсысын 300 орынға кеңейту, сондай-ақ №101 мектепке мәжіліс зал қосып салу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

Биылғы қыркүйек айының соңына дейін №103 мектепке 200 орындық қосымша құрылыс салу үшін тағы бір сараптама алынатын болады.

2023 жылдың Iө тоқсанында барлық 4 объект бойынша құрылысты бастау жоспарланған.

Биылғы қыркүйек айының соңына дейін №129 мектепті күрделі жөндеу толық аяқталады. №80 мектепті күрделі жөндеу жұмыстары басталып, келесі оқу жылы басталғанға дейін аяқталады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын  азайту үшін осы жылдың шілде айында «Айнабұлақ-4» шағын ауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Құрылысты келесі жылдың маусым айында аяқтау жоспарланып отыр.

Ратушный – Қазыбаев – Серіков - Рысқұлов көшелерінің шегінде тұратын тұрғындар үшін биылғы жылдың маусым айында жеке меншікте болған екі қабатты әкімшілік ғимарат сатып алынды. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жобалау осы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Құрылыс 2023 жылдың І тоқсанында басталады.

Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту  және оның жақын жерден көрсетілуін қамтамасыз ету үшін Жетісу ауданында 3 денсаулық сақтау объектісі бойынша жұмыс жүргізілуде.

Биыл тамыз айында 500 келушіге арналған, яғни  Омаров көшесінде 200 келушіге және Нүсіпбеков көшесінде 300 келушіге арналған емханаларды орналастыру үшін
2021 жылы сатып алынған 2 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Әзірлеу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды  жоспарлап отырмыз. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылы бастау жоспарланған.

Осы жылдың соңына дейін "Кемел" шағынауданындағы 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория  салынып бітеді.

"Кемел", "Айнабұлақ" және "Құлагер" шағынаудандарында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.

Ағымдағы жылдың қазан айында тегін үйірмелер мен секцияларға балаларды қабылдау басталады. Бұл кешендерге күн сайын 700-ге жуық бала бара алады.