Жетісу ауданында  «Халық қатысатын бюджет» 8 жоба іске асырылды

Жетісу ауданында  «Халық қатысатын бюджет» 8 жоба іске асырылды avesta-news.kz

Бұл туралы Алматы қаласының  әкімі Е. Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz


«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша осы жылдың басынан бері 8 жоба іске асырылды. 3 аула алаңына, 2 скверге жөндеу жүргізілді, Құлагер шағын ауданындағы Арбатты балалар ойын кешендерімен толтыру аяқталды, 2 жаңа жаяу жүргіншілер аймағы құрылды.



Биыл қазан айының соңына дейін тағы 13 жоба аяқталады. Ұзындығы шамамен 1 шақырым болатын 2 жаңа жағалау (Есентай өзенінің бойымен  Черновцкая көшесі және Қарасу өзенінің бойымен Омаров көшесі), Құлагер шағын ауданында ұзындығы 40 м және биіктігі 4 м болатын барлық маусымға жарамды сырғанақ, «Рабочий посёлокта» жаңа демалыс аймағы салынады және 9 аула жөнделіп, жаңа балалар алаңдары орнатылады.



Сонымен қатар, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары шеңберінде осы жылдың қараша айында жалпы ұзындығы 1,6 шақырым болатын тағы 2 жағалау пайда болады. Биылғы 26 мамырда тұрғындар  Айнабұлақ-1, Айнабұлақ-3 шағын аудандарындағы
2 скверді және Құлагер шағын ауданындағы паркті жөндеу туралы мәселе көтерген. Тұрғындар жарықтың нашарлығы мен суару жүйесінің жоқтығына шағымданды.  Бүгінгі таңда Айнабұлақ-1 және Айнабұлақ-3 шағын аудандарында скверлерді ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Гүлдер паркінде жөндеу жүріп жатыр.


Құлагер шағын ауданындағы скверде суару жүйесін және сыртқы жарық желілерін реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстарды осы қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04